Біздің балабақша » ГККП "Ясли сад №96"
Телефон заведующего:
+7(727) 273-70-03
Телефон бухгалтера:
+7(727) 273-74-64
Версия
для слабовидящих
» » Біздің балабақша
12
март
2016

Біздің балабақша

1.МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасы» туралы ақпарат

 

1.1.Тарих

Біздің балабақшаның тарихы, біздің туған қаламыз Алматы тарихымен байланысты, әрине ,жалпы елімізбен байланысты деп айтуға болады.

Алматы қаласы Ленин ауданындағы №266 «Звездочка» балабақшасы 1973 жылы пайдалануға берілді. Онда бір жастан, жеті жасқа дейінгі балалар барды. Бірінші меңгеруші болған Тремко Виктория Васильевна. Ол кісінің басшылығымен қала ішіндегі көрнекі балабақша болды; қаланың меңгерушілері мен тәрбиешілеріне арналған ашық іс-шаралар өткізілді, әр елден туристер жиі келіп тұрды: ФРГ, ГДР, Конго, Франциядан. Балабақша тәрбиешілері Мәскеу педагогикалық институмен тығыз әріптесте болды. Дайындық топтарына арналған бағдарламалар енгізу туралы іс-тәжірибелер өткізді; Тәрбиешілер алдында мынадай педагогтар: Т.В.Тарунтаева, Д.В.Хухлаева, В.П.Шулешко шығып сөз алды. 19884 жылы балабақша негізінде мектепке дейін білім беру қызметкерлеріне Бүкілодақтық семинар өткізілді. «Звездочка» балабақша тәрбиешілері семинар қатысушыларына ашық сабақтар көрсетті.

1989 жылдан 20113 жылға дейін (24жыл)меңгеруші қызметін Темирғалиева Злиха Ахметқызы атқарды. Алматы қаласында балаларды қазақ тілінде оқытатын 6 топты бірінші болып ашты. 1996 жылы Злиха Ахметқызына «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағы берілді.

1989 жылы тілдік сөйлеуі бұзылған балалар үшін қазақ және орыс тілдерінде

2 тілдік топтар ашылды. 1992 жылы қазақ тілі кабинеті ашылып, жабдықталды.

1998 жылдан бастап балабақша Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын (МКҚК) «№266 бөбекжай-балабақшасы» болып қайта аталды.

2000 жылы балабақша ұжымына атаулы жазуы бар естелік сыйлық берілді.

Ол «Балбөбек» бағдарламасы бойынша жемісті еңбек еткен үшін Қазақстанның Бірінші Ханшайымы Сара Алпысқызы Назарбаваның қолынан тапсырылды.

2002 жылдан бастап №266 балабақшасы Жетісу ауданында №96-шы болып өзгерді.

2004 жылы балабақша ұжымы Әкім сыйлығы үшін «Қаланың ең жақсы балабақшасы» байқауына қатысып, құрметті екінші орынға ие болды және видеомагнитофон сыйлыққа алды.

2004жылы қарашада балабақша АҚШ делегациясын қабылдады.

2005 жылы мамырда балабақшаның педагогикалық ұжымы Ұлы Жеңістің 60-жылдығына арналған көркемөнерлер байқауына қатысып, бірінші құрметті орын алды.

2004 жылы балаларды компьютерлік сауат негізіне оқыту үшін комьпютерлік

сыныптар ашылды.

МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасы 2009 жылы Алматы қаласы Медеу ауданына қосылды.

 

1.1.Жетістіктер.

 

Балабақшаның әкімшілік бастамасымен 2014 жылы балабақшаның анықтауыш көрнекілігі (атрибутка) құрылды. Құрушылар шығармашылық тобы: Карасёва Н.В., Еренова И.А., Курбатова М.В.

Атрибутка аудандық байқауға жіберілді, нәтижесінде ұжымға екінші құрмет орыннына диплом берілді.

Балабақша таңбасы (Герб) - ашық, көгілдір аспандағы жарқыраған түрлі –түсті кемпірқосақ пен алтын күннің нұрына бөленген балабақша- үйді білдіреді. Гүл жайнаған көгалда «Бақыт» поезы көңілді балақайлармен жылжып келеді.

 

А.С.Макаренконың: «Адамды бақытты қылу мүмкін емес, бірақ оны бақытты болатындай тәрбиелеуге болады.» деген сөзін еске ала отырып, балаларымызды бақытты етіп тәрбиелеуге тырысайықшы!

 

 

Балабақша әнұраны - «Бақытты балалық шақ»

сөзі Еренова И.А., Уашева Ү.М.

муз. Т. Рузавина, С. Таюшев

«Дорога добра» әнінің сарынымен

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз,

Біз осы үйдің гүліміз,

Осы үйдің біз күніміз.

Солнце с неба улыбается,

В дом родной детишек

С неба созывает.

Приходите детки

В детский сад родной,

Будете играть в нем

И дружить гурьбой.

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз

Қайырмасы

Бүл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Осы үйдің біз күніміз.

 

Каждый день с утра мы

Торопимся сюда,

Потому что нашим детям

Рады здесь всегда

Қайырмасы

Бүл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Осы үйдің біз күніміз

Балабақшам базарлы үй,

Қаладагы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты

Алтын оты үміттің,

Балапаны бүркіттің

Көзіміздің қарасы

Біздің елдің баласы.

Қайырмасы

Бүл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз осы үйдің гүліміз

Осы үйдің біз күніміз.

Мы веселимся, с вами

С друзьями, вместе рядом

Мы веселимся, не скучаем

В садике родном!

 

 

Балабақша тарихында бірінші рет балабақша тәрбиешісі Тлекеева Айгүл Сламжанқызы аудан деңгейіндегі «Үздік педагог» атағы байқауына қатысып , 2014 жылы 3-ші құрмет орнын алды.

 

2014 жылы №96 балабақшасы Қазақстан Республикасының «Жеке кіріс салық» өлшемі бойынша «Алтын рейтинг»-10-шы орын, Алматы қаласы жалпымемлекеттік республикалық рейтингтік бағдарлама аясында кәсіпорындарды марапаттауда 6-шы орын-Қазақстан экономикасының көшбасшылары «Сала көшбасшы 2014» («Лидер отрасли 2014») және «Қызметі мен жетістіктері үшін» («За заслуги и достижения») төсбелгімен (медальмен), «Лидер отрасли 2014» ұлттық сертификатымен марапатталды

2015 жылы 6-шы сәуірде МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасында»өткен «Үздік педагог Алматы-2015» аудандық байқауда тәрбиеші Нұғманова Гүлнар Бақытқызы құрметті 2-ші орын алды.

 

 

2015 жылы 6-шы маусымда Алматы қаласы Медеу ауданы МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасында» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер

күнін мерекелеу аясында балалармен балабақша қызметкерлерінің қатысуымен іс-шаралар өтті.

Тәрбиеші Гурова Оксана Георгиевнаның ұйымдастыруымен «Ласточка» ересек тобында жарқын да, салтанатты әдеби-музыкалық шығарма (композиция) өтті. Ағымды жылдағы мамыр мен маусым мерзім аралығында балабақшада өткен іс-шаралар «АЛМАТЫ АҚШАМЫ» БАҚ-нда жарық көрді.Онда балабақша туралы айтылатын «Елдің ертеңдері ержетіп келеді» мақаласы жарияланды. Балаларүшін, ата-аналар менқызметкерлер үшінде жағымды тосынсый болды.

 

 

 

2015 жылдың 1-ші қазанынан бастап Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы «Білім беру ұйымдарында тауарды ақылы беру негізі» 63-ші бап негізінде балабақшада хореография мен ағылшын тілін оқыту туралы қосымша қызмет көрсету ұйымдастырылды; Алматы қаласы білім беру Басқармасы МКҚК «№96 бөбекжай-балабақша» Жарғысы бойынша, №24312-1910-ГП06.01.2008 жылдан.п 5.6,2015 жылдың 26 мамырдағы Алматы қаласының әкиматтының Қаулысымен «Апматы қаласының білім беру Басқармасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту кәсіпорындарында қызмет көрсету бағасын белгілеу туралы» (айына 1500 теңге)

 

Ұжымды біріктіріп, нығайтуға көмектесетін, және оны жаңа да биік даму деңгейіне шығаратын, балабақшаның ақ-пейілді, қайырымды бағалы дәстүрлер

негізі біздің ұжымда қаланған.

 

1.1.Байланыстар (заңды мекенжай, телефондар, электрондық

мекенжайлар)

 

 

1. Мектепке дейінгі

ұйымның толық атауы

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «№96 бөбекжай-балабақшасы»

2. Құрылтайшы

Алматы қ. Білім беру Басқармасы

3. Құрылтайшының тұрған жері

050001 Алматы қ. Республика алаңы 4 көшесі

4. Тұрған жері, заңды мекенжайы

050004 Алматы қ. Тулебаева көшесі №62 Медеу ауданы

5.Телефон

273– 70 – 03

6. Факс

273-74-64, 273-74-16

7.Электрондық мекенжай

medео.96@mаіl.ru

8.Меншік нысаны

Мемлекеттік

9.Мекеме түрі

Мектепке дейінгі ұйым

10.Топ саны

12 топ

11.Балаларды оқыту тілі

Мемлекеттік тілі , орыс тілі

12.Жобалық қуаттылығы

280

13.Балалар саны

312

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік жалпыға білім беру түріндегі мектепке дейінгі ұйым өзінің іс-әрекетін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту МЖМБС талаптарына сай, бағытты және педагогикалық мақсаттылықпен қамтамасыз етілген ықпалын тәрбиеленушілердің жан-жақты тұлға болып, оның жеке қабілеттерінің дамуына, денсаулығын сақтап, нығайтуда мектепте оқуға дайындалуында жүзеге асыруда.

 

2.Балабақша құрамы

 

2.1.Балабақша әкімшілігі

Карасёва Наталья Викторовна - балабақша меңгерушісі

Алимова Шахарбану Хашимқызы - медбике

Симбаева Несіп Мұқанқызы – есепші

Жезтаева Маржан Кененбайқызы - шаруамеңгеруші

 

3.Қызметкерлер туралы ақпарат

3.1.Басшылық туралы ақпарат

2013жылдың қазанынан бастап Карасёва Наталья ВикторовнаМКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасының» меңгеруші қызметін атқаруға кірісті. (білімі жоғары, мектепке дейінгі ұйымдардағы жалпы еңбек өтілі-18 жыл, мамандығы- мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі, педагог – психолог, дефектолог).

Наталья Викторовна балабақша қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеттерінің табысты болуы үшін дәлелді жағдайлар туғызып отырады. Балабақшада еңбек етуді ұйымдастыру, ең жақсы нәтижелер алу үшін бағытталған. МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасында» заманауи педагогикалық менеджмент негізгі қағидалары бойынша мектепке дейінгі ұйымын басқару құрылымын жаңартылуда. Басшылық етудің әдіс-тәсілдерін таңдауда ол балабақша қызметкерлерінің, белсенді қызметкерлерін қосқанда өзара әрекет етуінің тиімді ұйымдастыру үшін бағытталған. Сонымен қатар балабақшаның әр бөлімі іс-әрекеттерінің міндеттеріне айқын да, айрықша көңіл бөлу: әкімшілік, есеп-қаржылық, әдістемелік, медициналық, өндірістік-шаруашылық, оқыту-тәрбиелілік. Осындай таңдаудың өзектілігі ұжымның іс-әрекеттерінің оқыту-тәрбилеуді ұйымдастыру үдерісінде, педаогтардың жеке жетістіктері, құзіреттілік даму деңгей көрсеткіштер нәтижелерімен расталады.

 

3.2.Педагогтар туралы ақпарат.

3.3.МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасында» 22 педагог қызмет етеді.

 

жоғары категория

15%

Екінші категория

25%

Категориясыз

35%

Бірінші

категория

25%

 

 


Жоғары педагогиклық білімі

72%

Аяқталмаған педагогикалық білімі

4%

Барлығы

22 педагог

Орта-арнайы педагогикалық білімі

22%

Жаңалық Саягүл – «Бәлдаурен» ересек топ тәрбиешісі

Нұғманова Гүлнәр Бақытқызы – «Ақ көгершін» дайындық топ тәрбиешісі

Гурова Оксана Георгиевна – «Ласточка» дайындық топ тәрбиешісі

Парпиева Эльмира Раметовна – «Радуга» дайындық топ тәрбиешісі

Белдібаева Гүлмира Болатқызы – «Курносики» 2-ші кішкентайлар топ тәрбиешісі

Плотникова Галина Федоровна – «Почемучки» ортаңғы топ тәрбиешісі

Ережепова Айгүл Амангелдіқызы – «Айгөлек» дайындық топ тәрбиешісі

Нұрмағамбетова Алма Кеңесқызы – «Ласточка» ересек топ тәрбиешісі

 

3.4.БҰ тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы ақпарат

2015 жылы 15 сәуірде Алматы қаласы Медеу ауданы МКҚК «№96 бөбекжай-балабақшасында» дайындық тобының тәрбиеленушісі – Выблов Денис «Әскери жылдар әндері» тақырыбына жеке дауыста және дайындық тобының қыздары «Майдандағы дамыл» музыкалық, хореографилық шығармамен өнер көрсеткен балалар көркемөнерпаздар байқауы өтті. Аудан аралық 1-ші орын алды.

 

 2015 жылы сәуірде ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналған аудандық балалар «Балапан» көркемөнерпаздар байқауына дайындық тобының балалары қатысып, 1-ші орын алып қалалық байқаудың финалына шықты.

 

Байқау мақсаты мынадай болды:

·Жас дарындарды анықтау;

·Балалар шығармашылығын дамыту;

·Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Байқау бағдарламасында:

·«Әскери жылдар әндері» тақырыбына поппури. Жеке орындаушы – Выблов Денис, 6 жас.

·«Майдан дамылы» музыкалық-хореографиялық шығарма. Би тобы. (дайындық тобының қыздары).

 

Балабақша тәрбиеленушісі Жомартова Сафина аудандық

«Тіл дарын-2014» байқауына қатысып, 3-ші орын алды.

2015 жылы 18 маусымда Алматыда жас велосипедшілер жарысы өтті. Онда еліміздің ең спортты қаласының басқа да жас алматылықтар сияқты МКҚК №96 балабақша тәрбиеленушілері қастысты. МКҚК №96 бөбекжай-балабақшасының тәрбиеленушілері Нұрғазиев Алихан, Рахметова Риана, Кириченко Радимира, Мамирова Ая үшін бұл бастама шыңынада да «Сәттілік шеңбері» болды.

Балалар жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Жарыстың соңында, сыйлықтар берілді. «Хабар» телеарнасының тілшісі мәреде балалардан сұхбат алды. Осы репортаж кешкілік телеарна жаңалықтарында көрсетілді. Барлық балалар мен ата-аналар үшін бұл жағымды тосынсый болды.


 


 


 

Похожие публикации: